ӨЛКЕ ТАРИХЫ

Ең далаға мал бағумен аты шыққан Астанькиннен қалған ескі үйлердің орнына, 19 ғасырдың соңы Рессейден қоңыс аударған жерге Новороссийка ауылынан алыс емес округ орталығы (Черкасское селосы) орналасқан.

Тың игеру кезінде «Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жаңа астықты совхоздарды ұйымдастыру туралы» ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1954 жылғы 21 қыркүйектегі №666 қаулысына келісті, тың игеруге арналған мемлекеттік жер қорынан пайдаланбаған жерлерге совхоздар ұйымдастырылды, соның бірі совхоз «Ильичевский». «Лесные поляны» мал бордақылау жер бөлігі есебінен шығыста Совет ауданында 1954 жылы Петропавл тресі совхоздары құрамына кіретін, «Ильичевский совхозы құрылды. Совхоздың негізгі бағыты – астық. Қосымша саласы – қой және сүтті мал шаруашылығы. 1954 жылы қазан-қарашада Тынық мұхитынан сексен бес теңізшілер бірінші болып келді. Көрші Новороссийка селосында бұрынғы совхоз бөлімшесінен қалған бос жер үйде қоныстанушылардың кеңсесі орналасты. Матростар мен солдаттарды новороссийлықтар жылы және қуана қарсы алды. Жарты жыл өткен соң, 1955 жылы сәуірде қоныстанушылар Украинадан Черкас облысы жігіттер мен қыздардың жаңа легін қарсы алды. Сол кезде Украинаның Черкас облыстық комсомол комитетінің қолдауымен қамқорлыққа алған «Ильичевский» совхозы қайтадан совхоз «Черкасский» болып аталды. Осыдан округ орталығы Черкасское селосы. 1955 жылы 01 мамырда округ аумағында бірінші болып жер жыртылды және бірінші үйдің іргетасы қаланды. 1977 жылы 25 ақпанда «Черкасский» совхозы екі совхозға «Черкасский» және Новороссийский» болып бөлінді. Әрі қарай округ аумағында Черкас селолық Кеңесі құрылды, оның құрамына Черкасское және Добровольское селосы кірді, Новороссийский селолық Кеңесіне, Новороссийка және Целинные селосы кірді. 1977 жылы олар Черкас селолық округіне бірікті. 1914 жылы Добровольское селосының құрылысы басталды. 18 рулы отбасы бірінші қоныстанушылар болды, олар өз еркімен пайдаланбаған жерге 18 жер үй салды. 30-шы жылы Добровольское селосы «Трудовик» колхозына кірді, 1956 жылы колхоз совхозға ауысқанда Черкасский совхозына бөлімше ретінде қосылды.

 

БІЛІМ

Черкасский орта мектебі- Черкасс ауылы

Директорының м.а.  – Жақсылық Габбасұлы Анофьянов

Оқушылар саны – 98

 

Добровол негізгі мектебі- Добровольское ауылы

Директоры –Серік Екендірұлы Ильясов

Оқушылар саны –31

«Чебурашка» балабақшасы- Черкасское селосында мектеп алды жұмыс істейді.
Меңгерушісі – Рахимжанова Бекзат Темирхановна
Қызметкерлер құрамы – 25 адам, 3 топ жұмыс істейді, тәрбиеленушілер – 60.
Билингвалды  бағдарлама, (мемлекеттік және орыс тілінде), сондай-ақ «Балбөбек» бағдарламасының элементтері бойынша оқу жүргізіледі. «Балбөбек» бағдарламасы 6 блокке қосылған: отбасы, балабақша, ойыншықтар, жыл мезгілі, Қазақстан – менің Отаным, жануарлар әлемі.
Спортты дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Округ мектебі жанында 2 спорттық зал бар. Черкас орта мектебі жанында ОМЖБ-ның 2 бөлімі хоккейлі доп және шорт трек бойынша жұмыс істейді, 2 жаттықтырушы қызмет атқарады, 63 адам қатысады. Сырғанақ тебушілерге жылсайын хоккейлі қорабқа су құйылады, онда спорттық жарыстар мен дайындық өткізіледі.