2019 жылдың қаңтар айында Аққайың ауданы

Черкасское ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесулерінің

КЕСТЕСІ

Округтің атауы

Ауылдың атауы

Күні, уақыты, орналасқан жері

1

Черкасское ауылдық округі

Новороссийкое а.

2019 ж. 15.01.

«Арыстан Грейн» ЖШС

кеңсесі

14.00 с.

2

-//-

Добровольское а.

2019 ж. 17.01

14.00 с.

Добровольский

НМ.

3

-//-

Черкасское а.

2019 ж. 31.01

10.00 с.

Черкасский ОМ

2019 жылдың ауылдық округі елді мекендерде, аудан әкімінің жұмысы туралы ұсыныстар, ескертулер мен кері байланыс үшін ауылдық округінде жинау жәшіктері орналастырылған.

Ауылдық округтің атауы

Ауылдың атауы

Тұрғындардың саны

Қойылған жәшіктердің саны

Жәшіктің орналасқан жері

Сұрақтар мен ұсыныстарды жолдауға арналған электронды мекенжай

 

Черкасское ауылдық округі

 

1184

10

 

cherkass_sel@sko.kz

1

 

Черкасское а.

869

5

«Черкасское ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

1 -қабат. (фойе)

«Черкасский орта мектебі» КММ ғимаратында

-

( 1 қабат, оң қанаты)

ЖСШ «Черкасское Агро» кеңсесі

(сол қанаты)

«Асель» дүкені

ФАП

cherkass_sel@sko.kz

2

 

Добровольское а.

283

4

«Добровольская НМ» КММ ғимаратында- (фойе, оң қанатында)

ЖСШ «Черкасское Агро» ғимаратында

(2 бөлімінде)

«Рыбка» дүкені.

Бос уақытты өткізу орталығы, фойе.

cherkass_sel@sko.kz

3

 

Новороссийское а.

57

1

Су беретін пункте

cherkass_sel@sko.kz

 

Черкасское ауылдық округінің

әлеуметтік-экономикалық

2018 жылдың дамуы және 2019 жылға

арналған жобалар туралы

Черкасское ауылдық округінің аумағында 3 ауыл орналасқан.

Тұрғындардың жалпы саны 1121 адам: Черкасское ауылында - 774, Добровольское - 293, Новороссийское - 54.

Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны - 650 адам.

2018 жылы 105 адам кетті, 25 адам келді. Негізінен орта жастағы тұрғындар кетуде.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа тиімді мемлекеттік қызметтірді көрсету жөнінде жұмыс жүргізіледі.Жеке мәселелер бойынша азаматарды қабылдау жүргізіліп, оларға сәйкесті жауаптар, кеңестер беріледі. 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш келіп түсті. 43 нотариалдық іс-әрекет жасалды, оған 7383,35 теңге мемлекеттік баж төленді.

Мемелекеттік қызметшілермен жемқорлық құқық бұзушылық жасалмаған.

Халықты әлеуметтік қорғау

2018 жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша «Гермес Аққайың» АШӨК мал шаруашылығын дамыту үшін 12 миллион теңге сомасына несие алды. 400 басқа ет репродукторы ашылды, жас малды сауықтыру бойыншаекі ғимарат жөнделді. ІҚМ жас малының 104 басы мен жылқының 200 басы сатып алынды.

Өнеркәсіпсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды формализациялау шеңберінде 37 адам жұмысқа орналасты.

2018 жылы өткізілген өткізілген жұмыс нәтижесінде 165 адам жұмысқа орналастырылды, 57 жаңа жұмыс орны құрылды. Округ бойынша жалдамалы қызметкерлердің саны 361 адамды құрады, бұл халықтың экономикалық белсенді бөлігінен 50%-ды құрады.

2019 жылы 102 адамды жұмысқа орналастыру, 42 жаңа жұмыс орнын жасау жоспарлануда. Округтің ЖШС, ШҚ, ЖК меморандумдары жасалды.

Халықтың әлжуаз топтарын жұмыспен қамту мақсатында
2018 жылы округте ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды, оған 16 адам бағытталды.

Жалғыз тұратын зейнеткерлерге 1 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығының жалпы аумағы 61084 га, көктемгі егістік –20 111 га. ШҚ, ФШ – 5,6%-ды, ЖШС-ның жер үлесі 94,4%-ды құрайды.

Диверсификация шеңберінде майлы дақылдардың көлемі 2426 гектарға ұлғайтылды.

2018 жылы астықтың орта өнімділігі 18,8ц/га, майлы дақылдар - 8,5 ц/га құрады.

Ауылдық округтің жеке аулаларында мал басы – ІҚМ – 729, шошқалар – 900, қойлар – 996, жылқылар – 358, құстар – 5000.

2018 жылы бір жер үлесіне орташа алғанда бидай мен сұлудың
7 центнері берілді, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 8,3%-ға жоғары.

Округте мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылуда. Округтің АШТӨ жалпы мал басы 2358, былтырғы жылмен салыстырғанда 168 басқа артық немесе 7,1%-ға.

Сүтті сатып алуды «Куделя» ЖК бір литрға 80 теңгеден жүргізуде, айына 1 ауланың орташа кірісі – 24 000 теңге.

Шағын және орта бизнес

Округте 9 дүкен қызмет көрсетуде, онда 35 адам жұмыс істеп жатыр.

Аббатандыру

ҰОС ескерткітері жөнделіп, абаттандырылды.

Ауылішілік жолдарды себу өткізілді, қысқы уақытта көшелер «Черкасское Агро» ЖШС, «Арыстан-Грейн» ЖШС күшімен жүргізілуде.

Черкасское ауылында қоқыс тастайтын жерді үймелеу жұмыстары жүргізілді. «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 529,8 мың теңге сомасына Конституционная көшесі жарықтандырылды, орнатылған тіректерге 11 шам орнатылды.

Елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру бойынша жұмыстары өткізілді.

Инфрақұрылым

Сумен қамту Черкасское ауылында су тарату жүйесі бойынша жүзеге асырылуда.

118 аула кең тараптағы ғаламтор жүйесіне қосылды.

Петропавл-Черкасское бағыты бойынша автобус қатынап жүруде.

Білім

Округте 2 мектеп қызмет көрсетуде, онда 128 оқушы білім алуда. Білім беру саласында 33 мұғалім жұмыс істеп жатыр. Добровольское мектебінің жанында 25 орынға арналған толық емес күнге қамтылған шағын орталығы бар. Ыстық тамақ «Кабдушева» ЖК, «Франковский» ЖК күшімен ұйымдастырылды.

Жазғы кезеңде мектеп жанындағы «Спутник», «Солнышко» сауықтыру алаңдарында 70 баланың демалысы ұйымдастырылды.

Үйірмелер, спорт секциялар жұмыс істеуде, демалыс кештері өткізілуде.

Денсаулық сақтау

Черкасское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетуде, Добровольское ауылында қажетті жиһазбен, жабдықпен, жедел жәрдем автокөлігімен жарақталған медициналық пункт бар.

Айына бір рет орталық аудандық аурухананың терапевт дәрігері ауыл тұрғындарын медициналық тексеруге келіп тұрады. 84 адам толық көлемде жеңілдетілген препараттамен қамтылған.

Мәдениет және спорт

2018 жылы мәдениет мекемелері 24 іс-шара өткізді. 1600 адам қатысты.

Бос уақыт орталығында «Березка» этномәдени бірлестігі әрекет етуде.

Бос уақыт орталығында кітапхана бар, кітап қоры – 398.

Округте стадион, 2 хоккей корты бар. Ауыл тұрғындары аудандық және облыстық спорттық іс-шараларына белсенді қатысуда.

Черкасское ауылдық округі тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулері бойынша іс-шаралар жоспарына келісті 2018 жылдың есепті кездесулері барысында бір мәселе бақылауға қойылды: фельдшерлік-акушерлік пунктін компьютер және ғаламтор байланысымен қамтылуы қажет екендігі. Аталған мәселе орындалып, бақылаудан алынды.

Өзімізге қоятын міндеттер:

- Шағын және орта бизнесті дамыту;

- Жаңа жұмыс орындарын құру;

- Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу.

Жақын жылдарға еліміздің дамуы бойынша мемлекет басшысы таңдаған стратегияны қолдап, халық игілігі үшін барлық қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.

Черкасское ауылдық округінің әкімі Л. Макина